05 сәуір 2021 09:43

eGov-те вакцинацияның электрон паспорты іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин eGov mobile қосымшасында вакцина салдырғандардың электрон паспорты іске қосылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин eGov mobile қосымшасында вакцина салдырғандардың электрон паспорты іске қосылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

eGov Mobile қосымшасының "сандық құжаттар" бөлімінде вакцинациялаудың электрон паспорты іске қосылды. Онда ақпарат үш тілде көрсетіледі: адам қандай препарат, қанша доза, қай күндері салдырды. Құжатты талап етілген жерде және QR кодын қолдана отырып көрсетуге болады.

Министр вакцинацияның қазақстандық электрон паспорты және халықаралық жүйелермен байланыстың маңызын айтты.

"Қазір IATA Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен ынтымақтастық мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек. eGov Mobile-да вакцинация паспортын тексерген кезде оң жақта орналасқан "жаңарту" батырмасын басу керек. "Сандық құжаттардағы" паспорт екінші дозаны алғаннан кейін ғана көрсетіледі", - деп толықтырды Мусин.

Денсаулық сақтау министрлігінде вакцинация ерікті түрде жүргізілетінін және әр адам бас тартуға құқылы екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети