Egov.kz-те жаңа қызмет пайда болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Балалар мен әрекетке қабілетсіз азаматтардың қамқоршылары eGov.kz порталы арқылы емханаға өз қамқорлығындағыларды тіркей алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Балалар мен әрекетке қабілетсіз азаматтардың қамқоршылары eGov.kz порталы арқылы емханаға өз қамқорлығындағыларды тіркей алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік қызметтің функционалын кеңейту қамқоршыларға балаларын және он сегіз жастан асқан әрекетке қабілетсіз адамдарды емханаларға тіркеуге мүмкіндік береді. Цифрлық мемлекеттік қызмет көрсетудің инклюзивті тәсілі әртүрлі санаттағы азаматтардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға оң әсер етеді", - делінген хабарламада.

Бұрын бала кезінен мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері балаларын емханаға тікелей жүгінгенде ғана тіркей алатын. Процедура өтініш берушінің жеке қатысуын ғана емес, сонымен бірге қамқоршылықты немесе қорғаншылықты растайтын сот шешімін немесе басқа құжатты ұсынуды талап ететін.

"Жаңартылған мемлекеттік қызмет көмегімен қамқоршылар, қорғаншылар, патронат тәрбиешілері және балаға немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға қамқорлық жасап, білім беру, тәрбиелеу және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да адамдар өздерінің қамқорлығындағы тұлғаларды емханаға өтініш бере алады".

Көрсетілетін қызметті алу үшін пайдаланушыға:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, "Денсаулық сақтау" бөлімінде "Емханаға тіркелу" қызметін таңдау қажет;
  • өтініш берушінің санатын: "Балаға (18 жасқа дейін, оның ішінде қорғаншылық пен қамқоршылықтағы)" немесе "Заңды өкілге (әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толғандарға)" таңдау керек;
  • аймақ пен ауданды, емхананы, тіркеу себебін (көшу немесе еркін тіркеу), емдеуші дәрігерді таңдап, сонымен қатар көрсетілетін мекенжай мен байланыс телефон нөмірін толтыру қажет;
  • қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ/QRCode немесе sms-растау арқылы өтінімге қол қою керек.

Қызметтің нәтижесімен пайдаланушы өтінімді тікелей медициналық ұйымның қарауынан кейін Жеке кабинетінде таныса алады.

Қызметті тек тұрғылықты жері өзгерген жағдайда ғана емес, сонымен қатар жылына бір реттен жиі емес бір әкімшілік-аумақтық бірлік шеңберінде медициналық ұйымды ауыстырғыңыз келсе де пайдалануға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro