“Егізді ажыратпадық“. Қорғаныс министрлігі мерзімді сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Егізді ажыратпадық“. Қорғаныс министрлігі мерзімді сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді Фото: instagram.com/enlik_kaltaeva

Қорғаныс министрінің орынбасары Серік Борамбаев 19 жастағы мерзімді әскери қызметші Дінмұхаммедтің қазасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрінің орынбасары Серік Борамбаев 19 жастағы мерзімді әскери қызметші Дінмұхаммедтің қазасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыркүйекте әскери қызметшінің денесі Алматы облысындағы әскери бөлімнен табылған.

"Қазір тергеу жүріп жатыр, кез келген пікір қате таралып, зиян келтіруі мүмкін. Бұл – ата-ана үшін үлкен қасірет, біз үшін де ауыр соққы. Біз, командирлер, әскерге келген әрбір сарбазды жеке танимыз. Бір жылдық қызметтегі барлық жетістігін бірге бөлісеміз. Ал мұндай сәттер бізге де өте ауыр, әсіресе қасында жүрген командирлер үшін. Қалай болса да, бұл ата-аналар үшін орны толмас қаза", - деді қорғаныс вице-министрі Серік Борамбаев.

Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігі ресми жауап бермес бұрын тергеудің аяқталуын күтуді көздеп отыр.

"Әке-шешесіне қатысты айтарым: сарбаздар әртүрлі уақытта және әртүрлі елді мекендерден шақырылған. Бірақ бұл тақырыпты эфирде қайта көтергім келмейді - ол жақындары мен туыстарына еске салу болады. Тергеудің аяқталуын күтейік. Қылмыстық іс қозғалды, ол аяқталғаннан кейін барлық сұраққа ресми жауап береміз", - деп қосты министрдің орынбасары.

Оқиға қалай болған?

Марқұмның әпкесі Еңлік Қалтаеваның жазуынша, оның інісі Дінмұхаммед егіз ағасының артынан әскерге кеткен. Алдымен олар бір әскери бөлімде қызмет еткен, кейін біреуін басқа бөлімге ауыстырған.

"Олар бірге қызмет етті, бірақ ант бергеннен кейін Дінмұхаммедті Матибұлаққа, 01098 әскери бөліміне ауыстырды да, егізінен ажырап қалды, ал егіздерді бөлуге болмайды. Сол жерде қайғылы оқиға болды", – деп жазды ол.

17 қыркүйекте отбасы қайғылы хабар алған: Дінмұхаммед өмірден өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети