Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов меморандумға қол қойды, құжатта әлемдік көрмеге дайындық шеңберіндегі серіктестіктің негізгі бағыттары көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов меморандумға қол қойды, құжатта әлемдік көрмеге дайындық шеңберіндегі серіктестіктің негізгі бағыттары көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шаһарда EXPO-2017 көрмесін ұйымдастырудағы серіктестік бойынша форум өтті. Форум аясында алматылық тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды, онда 40-тан аса компания өз өнімдерін көрсетті - құрылыс материалдары, құрал-жабдықтар мен арнайы техникалар, жиһаз, киім-кешек, жәдігерлік бұйымдар.
Айта кетейік, қол қойылған бұл меморандум алматылық өндірушілерге өз өнімдерін нысандардың құрылыс жұмыстары барысында және көрме кезінде жеткізу бойынша ұзақ мерзімді келісімшарт жасасуға мүмкіндік береді. "Біз Президенттің не дегенін білеміз, EXPO - біздің экономиканың драйвері, әсіресе осындай қиын кезеңде. EXPO жағдай жасап, инвестиция мен жаңа технологияларды тартып, жаңа жұмыс орындарын ашатын болады. Біз сапалы өнім шығаратын компаниялардың EXPO жобаларын қолдауға белсенді араласатынына сенімдіміз", - деді Байбек.
Сонымен қатар, екі тарап меморандумды жүзеге асыру бойынша қолға алынатын шаралардың жоспарын құрды. Алматының іскерлік тобы мен EXPO-2017 бас мердігерлері 10 миллиард теңгеге серіктестік жөніндегі келісімге қол қойды. "ЕXPO Алматысыз өте алмайды. Мен қала әкімімен сөйлестім, біз бұл тақырыпты талқыладық. Бүгінге дейін Алматының қатысы болды, бірақ айтарлықтай емес. Меморандум сегіз аймақта жасалды, Алматы - тоғызыншысы. Жалпы сома - 10 миллиард", - деді Есімов.