"Эйр Астана" пилоты есірткімен ұсталған әріптесі жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Эйр Астана" пилоты есірткімен ұсталған әріптесі жайлы айтып берді © Тұрар Қазанғапов

"Эйр Астана" әуе компаниясының пилоты есірткімен ұсталған әріптесінің кәсіби біліктілігі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Эйр Астана" әуе компаниясының пилоты есірткімен ұсталған әріптесінің кәсіби біліктілігі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олег Косолаповтың айтуынша, Быков "Эйр Астана" компаниясындағы үздік ұшқыштардың бірі болған. "Ол кеме командирі, бұл арқылы оның қандай екенін біле берсеңіздер болады. Оның тәжірибесі де көп, ол шетел компаияларында шетелге ұшқан, қазақстандық компанияларда ұшпаған. Бұл "Эйр Астана" компаниясына келгенге дейін болған. "Эйр Астанада" ол сегіз жыл жұмыс істеді", - деді Косолапов.

Ол пилотпен студенттік шақтарынан бері таныс екенін атап өтті. "Біз Ақтөбедегі училищеде бірге оқыдық, ол оны қызыл дипломмен бітірді. Ан-2 ұшағымен ұшқанымыз да есімде. Роман шылым тартпайды, ішімдік ішпейді, мына жаңалық мені таңғалдырды. Оны білетіндер үшін бұл сұмдық жаңалық болды. Романның әйелі жүкті, олар екінші перзентін күтіп отыр", - деді ол. 

Олег Косолапов компания пилоттарының ұшу алдында медициналық байқаудан өтетінін айтты - сыртқы келбеті, температурасы және қысымы тексеріледі. "Қандай да бір күдік туса рейстен шығарады. Алкоголь мен есірткіге де тексереді, бірақ таңдап қана. Тестерлер береді, біз анда-санда өтіп тұрамыз. Бұл тек Қазақстанда осындай жағдай, ал шетелде мұндай түсінік те жоқ. Шетелде мұндай қызмет те жоқ, ал Қазақстанда әрдайым өтеміз", - деді пилот.

Еске салайық, "Эйр Астана" компаниясының пилоты Роман Быков Алматы әуежайында есірткі затымен ұсталған болатын. Бұл ақпаратты әуе компаниясының баспасөз қызметінің өкілдері растады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети