28 наурыз 2016 | 12:54

Екі апта бұрын Bek Air компаниясына тиесілі басқа ұшақтың да шассиінде ақау болғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

27 наурызда Bek Air компаниясының Қызылордадан ұшқан ұшағы Астана әуежайына алдыңғы шассисіз апатты жағдайда қонғаннан кейін Интернет қолданушылары осыған ұқсас оқиғаның бұдан бұрын да болғанын еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

27 наурызда Bek Air компаниясының Қызылордадан ұшқан ұшағы Астана әуежайына алдыңғы шассисіз апатты жағдайда қонғаннан кейін Интернет қолданушылары осыған ұқсас оқиғаның бұдан бұрын да болғанын еске алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мысалы, әлеуметтік желі қолданушылары екі апта бұрын Ақтөбе-Астана бағытындағы ұшақтың шассиінде де ақаудың болғанын айтты. Бұл ақпаратты Bek Air компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов растады. Оның айтуынша, сол кезде шасси шыққанымен, кабинадағы шам жанбай қалған.

"Біз бұл мәселені шештік. 27 наурызда Астана әуежайына апатты жағдайда қонған ұшақ басқа болатын. Ақтөбе әуежайының ұшу жолағында қар мен су араласқан шалшық жатқан. Ұшақ жолақпен жүрген кезде шалшық шассиге де, кабинадағы шамды жағуға арналған тетікке де тиеді. Ұшақ әуеге көтерілген кезде онда мұз қатып қалған екен. Шасси түсті, дегенмен сигнал беру жүйесі іске қосылмады. Ұшақ жерге сәтті қонды. Мұз ерігеннен кейін шам жанды", - деді ол. Компания басшысының айтуынша, ұшақ қонар алдында 30 минут бойы айналым жасаған.


© Bek Air

Бұған дейін Азаматтық авиация комитеті "Фоккер-100" әуе кемелерін техникалық актсыз пайдалануға тыйым салған болатын. Дегенмен Жұмасұлтановтың айтуынша, Fokker-100 типті ұшақтар қкзір ұшып жүр. "Азаматтық авиация комитеті шассиді жыю және шығару жүйесін бір жолғы техникалық тексерістен өткізу жөнінде нұсқау жолдады. Біз бұл жұмысты орындадық, қазір ешқандай мәселе жоқ. Ұшақтар техникалық тексерістен өткізілді, кешеден бері ұшақтар қайтадан әуеге көтеріле бастады. Ұшуға ешкім тыйым салмайды. Азаматтық авиацияның осындай шара қолдануы орынды", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети