Instagram әлеуметтік желісінде Шымкентте автобустан екі әйелді жұлқып түсіріп тастаған ер адам түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Instagram әлеуметтік желісінде Шымкентте автобустан екі әйелді жұлқып түсіріп тастаған ер адам түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен видеоға пікір қалдырушылар көп. Бұл көріністі түсіріп алған автор "Әйелдерді жұлқуға қандай қақысы бар? Әкімдік қайда қарап отыр?" деп пікір қалдырыпты.
Шымкент Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мән-жайын баяндап берді. Мамандардың айтуынша, оқиға №65 әлеуметтік бағыттағы қоғамдық көлікте болған.
Әлеуметтік желіде жазба тарай бастағанда жауаптылар осы бағытта қызмет көрсететін компания өкілдерімен хабарласып, жүргізушімен де, кондуктормен де, оқиғаның куәгерлерімен де сөйлесіпті.
Кондуктордың айтуынша автобуста аяқ қоятын жер болмағандықтан, есігі жабылмай қалған. Сол кезде екі әйел түсіп қалуды құп көріпті. Оларға жолаушылардың бірі көмек көрсетпек болған. Бірақ бұл жұлқып түсіргендей көрініп қалған. Автобустан түскен екі әйел жүргізушіге де, кондукторға да ешқандай шағымы жоқ екенін айтыпты.
"Бұрын осы бағытта өте аз жолаушы ғана тасымалдай алатын автобустар қызмет көрсеткен. Кейін "Санжар моторс" ЖШС-і 80 жолаушыға арналған жаңа автобустарды бағытқа қойды. Қазіргі уақытта №65 бағыттың уақыт аралығы 10 минут. Автобусқа аяқ арту мүмкін еместігін көрген жолаушылар келесі автобусты күтулеріне де болар еді", - дейді басқармадағылар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram