26 мамыр 2014 | 10:07

Екі жасар сәби 11-қабаттан құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©azattyq.org ©azattyq.org

Астанада екі жасар бала 11-ші қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада екі жасар бала 11-ші қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл оқиға кеше, мамырдың 25-сі күні елорданың Сарыарқа ауданындағы "Батыс" тұрғын үй кешенінде болды. "Күндіз сағат 16:04-те 12 қабатты "Батыс" тұрғын үй кешенінің 11-ші қабатынан 2012 жылы туған бала құлап, сол жерде мерт болды", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, өткен сәуір айында сол Сарыарқа ауданындағы тоғызқабатты тұрғын үйлердің бірінен төрт жасар бала 5-ші қабаттың терезесінен құлап, түрлі дәрежедегі жарақатымен ауруханаға жатқызылған. Ал Ақтөбе қаласында төрт жасар бала төртінші қабаттан құлап, аман қалды. Сол кезде жедел медициналық жәрдем қызметіне кішкентай баланың төртінші қабаттан құлағаны туралы хабар түскен. Оны шұғыл аурухана жеткізді. Алайда көзге көрінетін жарақаттар болмады. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, ол бала жатақхана дәлізінде ойнап жүріп, ашық тұрған терезеден құлап кеткен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети