Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Олар 2023 жылғы қыркүйек пен 2024 жылғы қазан аралығында Семей қаласы аумағында лицензиясыз құм өндіріп, оны сатқан. Нәтижесінде күдіктілер заңсыз түрде 68 мың тоннадан аса құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген. Кейін құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға құмды өткізу үшін жалған сәйкестік сертификаттарын пайдаланып, жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асырған.
"Сатылымнан түскен қылмыстық табыс 150 миллион теңгеден асты. Күдіктілер осы қаражаттың бір бөлігін фронтальды тиегіш сатып алуға жұмсап, қосымша 6,2 миллион теңге мөлшерінде табыс тапқан", - деп жазылған хабарламада.
Іс айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жолданды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!