Екі кәсіпкердің заңсыз әрекеті әшкере болды: 11 көлік, пәтерлер және жер учаскесіне бұғат қойылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қаржылық мониторинг агенттігі Абай облысы бойынша департаменті екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олар 2023 жылғы қыркүйек пен 2024 жылғы қазан аралығында Семей қаласы аумағында лицензиясыз құм өндіріп, оны сатқан. Нәтижесінде күдіктілер заңсыз түрде 68 мың тоннадан аса құм өндіріп, мемлекетке 272 миллион теңге көлемінде залал келтірген. Кейін құрылыс материалдарын өндіруші зауыттарға құмды өткізу үшін жалған сәйкестік сертификаттарын пайдаланып, жеке кәсіпкерлер арқылы жүзеге асырған.

"Сатылымнан түскен қылмыстық табыс 150 миллион теңгеден асты. Күдіктілер осы қаражаттың бір бөлігін фронтальды тиегіш сатып алуға жұмсап, қосымша 6,2 миллион теңге мөлшерінде табыс тапқан", - деп жазылған хабарламада.

Сот санкциясымен күдіктілердің 181 миллион теңгеден аса сомаға бағаланған мүлкіне тәркілеу мақсатында тыйым салынды. Мүліктердің қатарында 11 көлік, 2 пәтер, жер учаскесі және 17 миллион теңге көлеміндегі дебиторлық қарыз бар.

Іс айыптау актісін бекіту үшін прокурорға жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer