Екі қазақстандық Черногориядағы яхталар иесі болып шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі қазақстандық Черногориядағы яхталар иесі болып шықты Фото:elements.envato.com

Черногория билігі яхта иелерінің тізілімін жариялады, онда қазақстандықтар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Черногория үкіметі сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Черногория билігі яхта иелерінің тізілімін жариялады, онда қазақстандықтар бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Черногория үкіметі сайтына сілтеме жасап.

"Теңіз қауіпсіздігі және порт әкімшілігінің яхталар тізілімінде 2023 жылғы сәуірдің басына дейін тіркелген яхталар тізімі" деп аталатын құжат әртүрлі елдердің заңды және жеке тұлғаларын қамтиды. Тізім бойынша Қазақстанның екі азаматы яхта иесі болып шықты.

Жалпы, құжатқа сәйкес, Черногория яхталарының басым бөлігі ресейліктердікі. Онда Ресейдің 110 азаматы аталған. ТМД елдерінің арасында Беларусьтің бес азаматы, Арменияның екі азаматы және Молдованың бір азаматы бар. Басқа ТМД елдерінің азаматтары тізімде жоқ. Сондай-ақ, яхта иелерінің тізілімінде 16 украиндық бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети