Қарағандыда 2 және 4 жастағы балаларын өлтірді деп айыпталған 21 жастағы әйелге үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағандыда 2 және 4 жастағы балаларын өлтірді деп айыпталған 21 жастағы әйелге үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жантүршігерлік оқиға биыл сәуірде болды. Сот мәліметінше, айыпталушы үш жас қызымен бірге Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданындағы ауылдардың бірінде бірге тұрған. Бір күні ер адам үйде балаларымен бірге тұратын әйелді жауып, жұмысқа кетеді.
Айыптау актісіне сәйкес, жас әйел ақшаның, азық-түліктің жетіспеушілігінен және балалардың үнемі жылауынан күйзеліске ұшыраған. Ал оның үйде қамауда отыруы жағдайды одан әрі нашарлатты. Балалардың кезекті рет жылағаннан кейін ол үлкен қызына төсекке жатуды бұйырып, оларды көрпемен жауып, тұншықтырған.
Сотталушы кінәні ішінара ғана мойындады. Ол балаларды өлтіруге ниеті болмағанын, оларды аздап тыныштандырғысы келгенін мәлімдеді. Сотталушының адвокаты айыптауды 99-баптың 3-бөлігінен "кәмелетке толмаған адамдарды өлтіру" ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабының 2-бөлігіне "екі адамға абайсызда өлім келтіру" қайта саралауды сұрады.
Қарағанды облысының соты іс бойынша жиналған барлық материал мен дәлелдемелерді зерделегеннен кейін сотталушыны кәмелетке толмаған балаларды өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінде өтейді.
"Іс бойынша кінә мен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сотталушыға жүктелген баптың санкциясы 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Жаза тағайындау кезінде Қылмыстық кодекстің 46-бабының 4-бөлігінің талаптары ескерілді, оған сәйкес әйелдерге өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалмайды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады Қарағанды облысының СМУС баспасөз қызметі.
Айта кетейік, сотталушының үш қызы болған, кенжесі қылмыс жасалған кезде небәрі алты айлық болған. Анасы ұсталғаннан кейін нәресте Нәрестерлер үйіне жіберілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!