Екі министрліктің жоғары лауазымды шенеуніктері парамен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдеріне сілтеме жасап.
Екі министрліктің жоғары лауазымды шенеуніктері парамен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдеріне сілтеме жасап.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қалалық департаменті қызметкерлері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі Комитетінің Экономика, бюджетті жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы М.К.Мырзатаевтың қылмыстық әрекетін әшкереледі", - деп хабарланды хабарламада.
Сондай-ақ, күдіктінің мемлекеттік сатып алу қатысушыларынан жеңімпаз деп тану үшін және келісімшарттар бойынша жеделдетілген төлем жасағаны үшін жүйелі түрде пара алып отырғаны айтылады.
М.К.Мырзатаев 4,3 миллион теңге сомасында кезекті пара алу кезінде әшкере болған.
Сонымен қатар, биылғы 9 қазанда М.К.Мырзатаев лоббиленген мердігер ұйымның мүддесінде әрекет ете отырып, ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің бас сарапшысы Е.Б.Медеубековке тендер қорытындысын жою үшін 1 миллион теңге өткізіп берген делінеді.
Осы күні М.К.Мырзатаев мен Е.Б. Медеубеков ұсталып, Астана қалалық ІІД Уақытша ұстау изоляторына қамалған. Соталды тергеу жүріп жатыр.