Екі облыста төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі облыста төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін Фото: facebook.com/torekenov.torekenov

Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында төтенше жағдай енгізілуі мүмкін. Мәжіліс депутаттары осындай бастама айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында төтенше жағдай енгізілуі мүмкін. Мәжіліс депутаттары осындай бастама айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Депутаттардың айтуынша, бұған өңірлерде мал азығына қатысты жағдайдың өте қиын екені себеп. Онда аштан тек ресми мәліметтер бойынша, екі мыңға жуық бас қырылып қалған. Сонымен қатар, алып-сатарлардың кесірінен басқа облыстардан жеткізілетін жем-шөпті алуға көп фермердің қалтасы көтерейді. Мысалы, бір орам шөптің бағасы 17 мың теңгеге дейін жетеді. Бұл елдегі орташа бағадан төрт есе жоғары.

Депутаттар үкіметті шұғыл шаралар қабылдауға шақырды, олар көптеген қарапайым проблема, оның ішінде жем-шөппен қамтамасыз ету республикада әлі күнге дейін шешілмегенін айтты.

Маңғыстауда қу сүйегі қалған жылқылар қалай құтқарылады? Министрлік жауабы

Еске салайық, Желіде Маңғыстау облысында аштан азып кеткен жылқылардың суреттері талқыланған болатын. Суреттерді Facebook қолданушысы Бердімұрат Төрекенов жариялады. Оның айтуынша, Маңғыстау облысындағы бірнеше ауылда жылқылар өлім аузында тұр. Төрекеновтың сөзінше, биыл далада жаңбыр жоқ, жайылымдар кеуіп кеткен, жем жетіспегеннен жылқыларға берер азық жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети