Екі өңір "қызыл" аймақтан шықты

Фото Әлихан Сариев©

Шымкент пен Ақтөбе облысы коронавирус таралуы бойынша "қызыл" аймақтан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент пен Ақтөбе облысы коронавирус таралуы бойынша "қызыл" аймақтан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

30 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта.

"Сары" аймақта алты өңір бар: Шымкент, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Алматы облыстары.

Ал "жасыл" аймаққа үш өңір кіреді - Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Еске салайық, кейінгі тәулікте Қазақстанда 2853 адамнан коронавирус анықталған болатын. Елде вирус жұқтырғандар саны 319 818-ге жетті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная