Екі партия Мәжіліс пен мәслихат сайлауына жіберілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі партия Мәжіліс пен мәслихат сайлауына жіберілді Фото Tengrinews.kz

Қазақстандық екі саяси партия қайта тіркеуден өтті. Орталық сайлау комиссиясының отырысында олар Мәжіліс және мәслихат сайлауына жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық екі саяси партия қайта тіркеуден өтті. Орталық сайлау комиссиясының отырысында олар Мәжіліс және мәслихат сайлауына жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанның Азаматтық кодексінің 42-бабына сәйкес атауын өзгерткен заңды тұлғалар қайта мемлекеттік тіркеуден өтуі керек. Олардың филиалдары да қайта тіркелуі керек. Осы жылғы 11 қарашада "Бірлік" саяси партиясын Adal саяси партиясына қайта тіркеу жүргізілді. Тиісті қайта тіркеу Adal партиясының барлық 17 филиалында жүргізілді, осылайша 17 аймақта да филиалы бар.

12 қарашада Қазақстанның коммунистік халық партиясы Қазақстанның халық партиясы болып қайта тіркелді. Сәйкесінше, ҚХП-ның республика бойынша 17 филиалы қайта тіркеуден өтті. Қазір партияларды қайта тіркеу рәсімдері аяқталды", - деді Қазақстанның әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев. 

ОСК мүшелерінің дауыс беру нәтижесі бойынша екі партия да сайлау процесіне жіберілді. "Ақ жол" партиясы әлі құжат өткізбеген, ал "Ауыл" партиясы бүгін өткізді.

"Ақ жол" партиясы әлі құжат өткізген жоқ. "Ауыл" партиясының өкілдері бүгін өткізді. Тізімді заңнамамызға сәйкес тексереміз. Adal-ға қатысты айтар болсақ, партия енді сайлау процесіне өтті", - деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов брифингте.

ОСК мүшесі Анастасия Щегорцованың айтуынша, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі басқа елдер мен халықаралық ұйымдардан 29 қадағалаушы тіркелген. Олардың бәрі Парламентаралық мемлекеттер ассемблеясынан - ТМД қатысушыларынан аккредитациядан өтеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети