Екатерина Смолякова Мәжіліс депутаты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екатерина Смолякова Мәжіліс депутаты болды видео кадры

Respublica партиясы атынан сайланған Мәжілістің жаңа депутаты Екатерина Смолякова ант берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Respublica партиясы атынан сайланған Мәжілістің жаңа депутаты Екатерина Смолякова ант берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ал депутат Руслан Берденовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Босаған мандат партиялық тізімде тұрған Екатерина Смоляковаға берілді.

Айта кетейік, Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары болды.

Екатерина Сергеевна Смолякова 1987 жылы 2 тамызда дүниеге келген.

Оның қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша жоғары білімі, сондай-ақ, Қазақстан-Британ техникалық университетінде алған DBA дәрежесі бар.

Смолякованың білім беру және басқару саласында айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар. Ол Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) проректоры болды, сондай-ақ, мансап және түлектермен жұмыс орталығын басқарды.

2020 жылдан бері ол түрлі қоғамдық қызметке белсенді қатысып, KBTU Empowerment әйелдер клубын басқарады және Алматы облыстық №1 балалар үйінің қамқоршылық кеңесінің төрайымы қызметін атқарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети