Екібастұз әкімі отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұз әкімі отставкаға кетті Ардақ Қаңтарбаев. Фото:gov.kz

Екібастұз әкімі Ардақ Қаңтарбаев орынбасары парамен ұсталғаннан кейін отставкаға кетті. Павлодар облысының әкімі Қаңтарбаевтың отставкаға кетуін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұз әкімі Ардақ Қаңтарбаев орынбасары парамен ұсталғаннан кейін отставкаға кетті. Павлодар облысының әкімі Қаңтарбаевтың отставкаға кетуін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік қызмет туралы" заңға сәйкес Екібастұз әкімі қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін отставкаға кетті. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Қаңтарбаевтың отставкаға кетуін қабылдап, 8 тамызда Екібастұз қаласының әкімі қызметінен босатты", - деді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі өкілдері.

Ардақ Қаңтарбаевтың отставкаға кету туралы өтінішін қала әкімінің бұрынғы орынбасары Бауыржан Ахметовке қатысты үкім күшіне енгеннен кейін берген. 

Қаңтарбаев 2020 жылдың қыркүйегінен Екібастұз әкімі болған.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети