Екібастұз ЖЭО бастығы өлімінің ықтимал себебі аталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Көрнекі сурет: ©Тұрар Қазанғапов

Полицейлер Екібастұз ЖЭО учаске бастығы өлімінің ықтимал мән-жайын атады. Ол қаладағы гараждардың бірінде автокөліктен өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер Екібастұз ЖЭО учаске бастығы өлімінің ықтимал мән-жайын атады. Ол қаладағы гараждардың бірінде автокөліктен өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, бұл дерек Екібастұз Полиция басқармасында соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

"Соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға марқұмның гаражында, жұбайымен жанжалдан кейін болған. Бірқатар сараптама тағайындалды, нәтижелері бойынша шешім қабылданады", - деді полиция.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, қызметкерлер полицияның ішкі құжаты әлеуметтік желілерде қалай пайда болғанын анықтап жатыр.

"Полицияның ішкі құжатын тарату дерегі бойынша Павлодар облысының Полиция департаменті қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр", - деп атап өтті Екібастұз ПБ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама