Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Екібастұз ЖЭО бастығы өлімінің ықтимал себебі аталды 06 желтоқсан 2022, 10:05

Полицейлер Екібастұз ЖЭО учаске бастығы өлімінің ықтимал мән-жайын атады. Ол қаладағы гараждардың бірінде автокөліктен өлі табылды, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Көрнекі сурет: ©Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: ©Тұрар Қазанғапов

Полицейлер Екібастұз ЖЭО учаске бастығы өлімінің ықтимал мән-жайын атады. Ол қаладағы гараждардың бірінде автокөліктен өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, бұл дерек Екібастұз Полиция басқармасында соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

"Соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға марқұмның гаражында, жұбайымен жанжалдан кейін болған. Бірқатар сараптама тағайындалды, нәтижелері бойынша шешім қабылданады", - деді полиция.

Сонымен қатар, қызметкерлер полицияның ішкі құжаты әлеуметтік желілерде қалай пайда болғанын анықтап жатыр.

"Полицияның ішкі құжатын тарату дерегі бойынша Павлодар облысының Полиция департаменті қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр", - деп атап өтті Екібастұз ПБ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram