Екібастұз ЖЭО-дағы ақау түзетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұз ЖЭО-дағы ақау түзетілді instagram

Екібастұз ЖЭО-дағы ақау түзетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұз ЖЭО-дағы ақау түзетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Түнде су жылыту қазандықтарының сорғысы істен шыққан еді. Энергетиктер мен төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының күшімен қазандықтағы суды сору жұмыстары толық аяқталды.

Алдағы сағаттарда багерлік сорғы іске қосылып, су жылыту қазандықтары толық іске қосылады, деп хабарлады жауапты мамандар. Техникалық ақау станцияның жұмысына әсер етпеген. Қазір жеті қазандық жұмыс істеп тұр.

Еске салайық, бұған дейін Екібастұз ЖЭО-да күл құбыры зақымдалып, резервтегі қазандықтар іске қосылғаны хабарланған болатын.

10 желтоқсанда сағат 01.10 шамасында Екібастұз ЖЭО-да күл құбырының зақымдануы анықталған. Құбыр 05.30-да қалпына келтірілді. Зақымның салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехының багер сорғысы су астында қалды. Ыстық резервтегі екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети