26 наурыз 2021 09:19

Екібастұзда анасы қызын екі тәулікке қамап, Өскеменге кетіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото: nvdaily.ru фото: nvdaily.ru

Екібастұзда 12 жастағы баласын анасы жалғыз қалдырып, сыртынан жауып кеткен. Бала пәтерде екі тәулік аш отырған. Әйелдің өзі Өскеменге сүйіктісіне кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар-онлайн басылымына сілтеме жасап.


Екібастұзда 12 жастағы баласын анасы жалғыз қалдырып, сыртынан жауып кеткен. Бала пәтерде екі тәулік аш отырған. Әйелдің өзі Өскеменге сүйіктісіне кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар-онлайн басылымына сілтеме жасап.

Павлодар облысы Екібастұз қалалық полиция басқармасына қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің тұрғыны көрші пәтерде 12 жастағы қыз жалғыз қамауда отырғанын хабарлаған.

"Әйелді пәтерде бала жалғыз екені, азық-түлік жоқ, аш отырғаны уайымдатпаған көрінеді. Ол үйіне оралғаннан кейін "арманындағы ер адамды" енді кездестірмейтініне уайымдады", - деп хабарлады Фатима Ахметжанова.

Пәтер есігіндегі құлыпты бұзу үшін ТЖ департаментінің қызметкерлері, білім бөлімінің өкілдері шақырылды. Жасөспірім Екібастұзда әжесі тұратынын айтты. Анасы кетер алдында қызын неліктен туысына тапсырмағаны белгісіз. Полиция өкілдері қызды әжесіне қолхатпен тапсырды.

"Бұған дейін кәмелетке толмаған баланың анасы ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі мен білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Бірақ одан сабақ алмаған", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Анықталған факт бойынша немқұрайды анаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұдан басқа, әйелдің мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралады. Онда бала анасының қолында қалуы туралы мәселе шешіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети