1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Екібастұзда карантинде жұмыс істеген діни ұйымға 640 мың теңге айыппұл салынды13 тамыз 2020, 09:23

Екібастұз қаласында карантин режимін бұзғаны үшін қала тұрғындарына 640 мың теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының мониторинг тобы 2020 жылғы 1 тамызда сағат 22.11-де карантин тәртібін бұзу бойынша рейдтік іс-шараларды өткізу барысында діни бірлестіктердің бірінің жұмыс жасау фактісін анықтады.

Осы дерек бойынша мекемеге қатысты ҚР ӘҚБК-нің 425-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалып, 638 940 теңге сомасында (230 АЕК) айыппұл салынды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Еуро бағамы 500 теңгеден асты