Екібастұзда оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға көшті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға көшті

Екібастұз оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұз оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, колледж студенттері 20-24 ақпан аралығында үйден оқиды. Қосымша білім беру ұйымдарында да сабақтар онлайн форматта өтеді.

"Екібастұзжылуэнерго" мәліметі бойынша, бүгінде қаланы жылумен қамту оңтайлы параметрлерге жеткізілген. Алайда білім беру ұйымдарын жылытып, қажетті температуралық режимге қолжеткізу үшін уақыт қажет.

Білім беру ұйымдарында күн сайын температураны бақылау жүргізіледі. Санитарлық нормаларға сәйкес температуралық режимге қолжеткізгеннен кейін мектептер, колледждер мен қосымша білім беру ұйымдары оқытудың тұрақты режиміне көшіріледі", - делінген Екібастұз қалалық білім басқармасы хабарламасында.

Балабақшаларда кезекші топтар жұмыс істейтіні атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети