Екібастұзда пицца жеткізушінің әрекеті желіні дүрліктірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда пицца жеткізушінің әрекеті желіні дүрліктірді

Екібастұзда пицца жеткізушінің әрекеті желіні дүрліктірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда пицца жеткізушінің әрекеті желіні дүрліктірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде пицца жеткізушінің клиент тапсырыс берген пиццаның дәмін татып көргені түсірілген видео тарап жатыр. Видео кадрларынан маска мен қолғап киген ер адамның қорапты ашып, қолымен пиццаны ұстап, қайта жапқаны көрінеді. Желі қолданушыларының көбі ер адамның пиццаға түкіргенін жазып жатыр.

Полицейлер видеодағы ер адамды анықтады. Бұл видеоның 16 сәуірде түсірілгені белгілі болды.

"Осы видеоға байланысты тексеріс басталды. Видеодағы ер адамның Екібастұздың 19 жастағы тұрғыны екені анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс мамандандырылған сотқа жолданды", - деді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлердің айтуынша, ол пиццаға түкірген жоқ. Сондай-ақ, ер адамның сол күні жұмыстан шығарылғаны айтылады.

Кейінірек желіде видеодағы пицца жеткізушінің кешірім сұрағаны түсірілген видео тарады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети