Екібастұзда Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы сотталды видео кадры

Екібастұзда Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Биыл 31 наурызда Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты Екібастұз Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Д. Куконевке, оның орынбасары Ж. Маймановқа және кәсіпкер Б. Жұмашевке қатысты үкім шығардыү

"Куконев пен Майманов Жұмашевтен өзінің кәсіпорнымен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасасқаны үшін жалпы сомасы 7,4 миллион теңгені бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша, Куконев 7 жыл 6 айға, Майманов пен Жұмашев әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сонымен қатар, Куконев "азаматтық қорғаныс полковнигі", Майманов "азаматтық қорғаныс майоры" арнайы атағынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети