Екібастұзда жол қозғалысы ережелерін бұзған кортеж жүргізушілері жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл автокортеж үйлену тойға арналған. Көліктер колоннамен қозғалып, қозғалысты тежеп, жолдағы қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған.
Тексеру нәтижесінде полиция қызметкерлері ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша 15 әкімшілік хаттама толтырды. Ереже бұзушылықтар мыналарға қатысты болды:
- маневр жасау тәртібін сақтамау;
- жолаушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы (жүріс кезінде терезеден денені шығару);
- қарсы жолаққа шығу;
- қауіпсіздік белдігін тақпау;
- қайта жолақ ауыстырғанда бұрылыс шамын қоспау;
- сақтандыру полисінің болмауы.
Mercedes-Benz, Lexus 570 (brr 14), Toyota Prado және Toyota Camry көліктерінің жүргізушілері анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!