Екібастұзда зиратты су басты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Екібастұзда еріген су ескі зиратты шайып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Екібастұзда еріген су ескі зиратты шайып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Адамдардың айтуынша, бұл құбылыстың болып жатқанына бірінші жыл емес. Осы зиратта жерленген тұрғындардың туыстары мәйіттер жер бетіне шығып кетуі мүмкін деп алаңдаулы. Сонымен қатар, мәйіт уы таралған судың қайда кететініне де алаңдап отыр. 

Екібастұздың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері осы мәселе туралы хабардар екенін және қажетті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді. 

"Екі күн бойы суды екі ассенизатормен сорып жатырмыз. Бірақ су көп. Зираттың бір бөлігі төменгі жағында орналасқан. Барлық еріген су осында ағады. Бұл жерде жер асты сулары да жер бетіне шығып кетуі де мүмкін", - деп түсіндірді ТКШ бөлімінің басшысы Қанат Мускенов.

Оның айтуынша, сорылған суды кәріз люктеріне ағызатын болады. Қыста зираттағы қар тазаланбаған, өйткені құралдар тек жолдарды тазалауға жұмсалады екен. 

Сондай-ақ, қала тұрғындары зират аумағын тазаланбайтынына шағымданды. Бөлім басшысы оны енді тазалай бастағанын атап өтті. Тендер екі апта бұрын өткізілді және жаңа мердігер өз міндеттеріне енді кірісті.

Биыл Қанат Мускеновтің айтуынша, зираттың жағдайын жасауға 3 миллион 200 мың теңге бөлінген. Алайда тендерді өткізу барысында баға 1 теңгеге дейін төмендеген.

"Бұл қатарынан үш жыл бойы қайталанып келеді. Мердігер зиратқа кіру үшін бағаны 1 теңгеге дейін төмендетеді. Ал содан кейін бейітті қазу және күтіп ұстау бойынша ақылы қызмет көрсетеді", - деді ТКШ бөлімінің басшысы.

Қанат Мусенов қорым басын тазалау күніне орай қала тұрғындары туыстарының бейітіне бара алатынын айтып, уәде берді. Қазір коммуналдық қызметкерлер су басқан аймақта жұмыс істеп жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro