Екібастұздағы барлардың бірінде есірткі сатылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұздағы барлардың бірінде есірткі сатылған Фото: polisia.kz

Павлодар облысында гаражда қарасора өсіруге арналған есірткі зертханасын ұйымдастырған тұрғын анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында гаражда қарасора өсіруге арналған есірткі зертханасын ұйымдастырған тұрғын анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Екібастұз қаласының лаундж-барының кассирі жедел қызметкерлердің назарына ілікті, ол ұзақ уақыт бойы осы барға келушілерге есірткі заттарын сатумен айналысқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қаланың екінші тұрғынын анықтады, ол жалға алу үй-жайында қарасора өсіру үшін есірткі зертханасын ұйымдастырды, одан лаундж-бардың әкімшісі әрі қарай іске асыру мақсатында есірткі заттарын ірі мөлшерде сатып алғаны белгілі болды. ҰҚҚКБ қызметкерлері лаундж-бардың әкімшісі мен есірткі жеткізушіні ұстады.

"Тінту кезінде олардан буып-түйілген және сатуға дайындалған есірткі құралдары, 4 млн теңгеден астам ақша, күдіктілердің біріне тиесілі қымбат автокөлік тәркіленді. Ұсталған адамның гаражынан ер адам ыдыста өсірген ерекше иісі бар жасыл өсімдіктің 30 бұтасы, арнайы сұйықтығы бар контейнерлер, минералды тыңайтқыштар, фитолампалар, климаттық бақылау қондырғысы және есірткі зертханасына арналған басқа да жабдықтар тәркіленді", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс қозғалды, ұсталған адамдар УҰИ-ға қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети