Екібастұздағы "маугли" балалар оқиғасы: қызметтік тексеріс нәтижесі белгілі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұздағы "маугли" балалар оқиғасы: қызметтік тексеріс нәтижесі белгілі болды Фото:instagram/poiskoviki_pavlodara_vita

Екібастұзда жалдамалы пәтерден табылған "маугли" балалар оқиғасынан кейін басталған қызметтік тексеріс аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда жалдамалы пәтерден табылған "маугли" балалар оқиғасынан кейін басталған қызметтік тексеріс аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талқылау нәтижесінде бірқатар лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды, ал полиция бастығының орынбасары мен қаланың бас педагогі қызметінен кеткен.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, Екібастұз қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Сәбит Қожелдақов қызметінен босатылды. Қызметтік тексеріс барысында қалалық білім бөлімінің басшысы Сәкен Майдисаров қызметінен кеткен. Сонымен қатар, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Мәриям Маликоваға қатаң сөгіс жарияланып, Екібастұз қалалық жергілікті білім бөлімінің бас маманы сөгіс алған. Сондай-ақ, лауазымдық міндеттерді қатаң сақтау туралы Екібастұз ПБ ЖПҚ бастығына ескерту жасалып, ал қалалық ПБ бастығының міндетін атқарушыға қызметкерлерінің жұмысындағы кемшіліктер көрсетілген.

Мұндай жағдай алдағы уақытта қайталанбауы үшін мамандар облыстың ПД басшылығына, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына бірқатар ұсыныстар берген.

Еске салайық, Екібастұзда жалдамалы пәтерлердің бірінен төрт науқас, аш бала табылды. Олар ата-аналарымен бірге антисанитария жағдайында өмір сүріп келген, үш күн нәр татпаған. Үйдегі үлкен бала жеті жаста, қалғандары бес, төрт және үште. Балалар жүре алмайды, адамдардан қорқады.

Кейінірек "маугли" балалардың оқиғасы күтпеген жерден жалғасын тапты. Еріктілер олардың маскүнем әпкесін тауып алды. Павлодар облысында ауылда тұратын ол бір жасар сәбиін жиі суық, от жағылмаған үйде қалдырып кетеді екен. Оқиға орнына шақырылған әлеуметтік қызмет қызметкерлері үйде үсіп жатқан баланы тауып, оны дәрігерлерге жеткізді. 

Екібастұздан табылған "маугли" балалар оқиғасынан кейін екі әкімге сөгіс жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети