Екібастұздағы төтенше жағдай: прокурорлар соталды тергеуді бастады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұздағы төтенше жағдай: прокурорлар соталды тергеуді бастады Фото:t.me/KZgovernment

Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұздағы төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұздағы төтенше жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысының прокуратурасы жылу желілеріндегі ірі зақымдану, желілік судың қысымын төмендету және "Экибастузтеплоэнерго" ЖШС су жылыту қазандықтарын тоқтату фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 254-бабы (міндеттерге жосықсыз қарау) бойынша соталды тергеуді тіркеді, ол үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

"Соталды тергеу Павлодар облысы бойынша Полиция департаменті, Экономикалық тергеу департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобына тапсырылды. Павлодар облысы прокурорының қаулысымен қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру бойынша процессуалдық прокурорларының тобы айқындалды", - делінген хабарламада.

Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауына алынды.

Еске салайық, апат салдарынан бірнеше көпқабатты және жеке тұрғын үй, бірқатар әлеуметтік нысандар жылусыз қалып, 123 тұрғын, оның ішінде балалар да эвакуацияланған болатын. Білім беру нысандары қашықтықтан оқыту форматына көшті, балабақшалардың жұмысы тоқтатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети