4 қазан күні таңертең мектепке бара жатқан Арина Айтнякова есінен танып қалған. Қыз есін жиғаннан кейін тізесі мен тобығы ауырып жатқанын, жүре алмайтынын айтып шағымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
4 қазан күні таңертең мектепке бара жатқан Арина Айтнякова есінен танып қалған. Қыз есін жиғаннан кейін тізесі мен тобығы ауырып жатқанын, жүре алмайтынын айтып шағымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Арина есінен танған кезде анасы Рената Айтнякова жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер қызды тексеріп, бас ауруына қарсы таблетка беріп, ұйықтауға кеңес берген. Алайда бұл көмектеспеген. Сондықтан анасы Екібастұз қалалық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жүгінген.
"Қызымнан COVID-19 үшін ПТР алынды. Ол оң нәтиже көрсетті. Рентген сәулелері, дәрігерлердің айтуынша, өкпенің 50 пайызы зақымданғанын көрсетті. Ол облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жіберілді. Есінен танып қалғанға дейін аурудың ешқандай белгілері болған жоқ. Температура, мұрынның ағуы, жөтел, ентігу, иіс жоғалу секілді белгілерді байқамадық. Миды КТ-ға түсірдік. КТ нәтижелері бойынша патология анықталған жоқ", - дейді Аринаның анасы.
Арина ауруханада 8 күн пневмониядан емделіп шықты. Бірақ ол өздігінен әлі де жүре алмады. Буындардағы ауырсынудан басқа, бас пен қолының ауыратынын айтып шағымданған.
Қыздың жағдайы күн өткен сайын нашарлады. Аяғы іси бастады. Мүгедектер арбасымен немесе отбасының қолдауымен ғана қозғала алды. Сондықтан анасы шұғыл түрде ревматологқа тексеру үшін Павлодарға апаруды ұйғарды. Қыз қайтадан ауруханаға түсті, бірақ бұл жолы кардио-фрология бөлімінде.
Бір аптадан кейін Арина үйіне шықты. Емдеу оң нәтиже берді. Ол қазір өздігінен жүре алады. Бірақ ауырсыну әлі де басылмаған.
Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, Аринада вегетативті жүйке жүйесінің соматоформды дисфункциясы (аралас түрі бойынша ВВД), анықталмаған артрит (ауырлығы орташа дәрежедегі реактивті артрит), ауырлығы орташа дәрежедегі стрептококкты фарингит диагнозы қойылған.
Ертең, 24 қарашада Арина Павлодардағы облыстық балалар ауруханасының неврологиялық бөліміне қайтадан жатады.
"Түсінгенім бойынша, оған МРТ жасағылары келеді, бірақ бұл үшін неге ауруханаға жату керек, нақты жауап бермейді. Бала әлі де қалтырап жүр. 10 минуттан артық жүрсе, қалтырағаны күшейе түседі. Денсаулық сақтау министріне қызымды Нұр-Сұлтанға апарып қарату туралы өтініш хат жаздым. Жергілікті дәрігерлер емінің пайдасы шамалы. Павлодарда жүріп қымбат уақытымызды жоғалтамыз ба деп қорқамын", - деді Рената Айтнякова.
Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, қыздың жүруін қиындататын әлсіздіктің себебі - ағзаның улануы. Дәрігерлердің айтуынша, бұл уақытша құбылыс. Бірақ қыздың анасы осы уақытқа дейін ауру белгілері толық жойылмағанына алаңдаулы.
"Бізді үшінші рет Павлодарға емдеуге жатқызады. Әр жолы жұмысты тастап, ауруханаға баруға тура келеді. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектерге көп ақша жұмсалады. Мен екі баланы жалғыз тәрбиелеп отырмын, қосымша ақша жоқ. Сондықтан елордалық дәрігерлерден көмек сұраймын. Мүмкін, олар осындай диагноздарды емдеген шығар және осындай ауруды қалай емдеу керегін білетін шығар. Бізде тәжірибе жасауға уақыт жоқ. Мен Нұр-Сұлтанға ауруханаға жатқызуды талап етемін", - дейді Рената Айтнякова.
Қыздың анасының айтуынша, 4 қазаннан бастап қыз үш рет өкпе рентгеніне, аяқ-қол рентгеніне түскен, миына КТ жасалған, енді миға МРТ жасау керек. Бірақ ол ешқандай нәтиже алмағанын, тек ауруханадан шығару туралы қағазды алғанын айтты. Бұрын анасының айтуынша, баланың денсаулығында мұндай ақау болмаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!