31 қазан 2022 08:58

Екібастұздық оқушы nail-индустрияда әлем чемпионы атанды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұздық 15 жасар Арулат Мұхаметқали Мәскеуде тырнақ өнері шеберлері арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Мектеп оқушысы байқауда ұлттық ою-өрнек түрінде жасалған жұмысын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екібастұздық 15 жасар Арулат Мұхаметқали Мәскеуде тырнақ өнері шеберлері арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Мектеп оқушысы байқауда ұлттық ою-өрнек түрінде жасалған жұмысын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жеткіншек байқауға онлайн форматта қатысты.

"Бірақ бұл бәрі оңай болды дегенді білдірмейді. Толық сурет дайындап, оны жеткізу қиын. Мен Қазақстан атынан қатысқандықтан халқымың мәдениетін көрсету үшін ұлттық стильде жұмыс жасағым келді", - деді Арулат.

Қазақ оқушысы әлем чемпионатының ең жас қатысушысы атанып, оның "Қазақтың сұлу қызы" туындысы үздік деп танылды.

"Ұзақ уақыт бойы тырнақтарға жасайтын ою-өрнек таңдадым, содан кейін қолайлы үлгі іздедім. Өйткені бейнені ойлап табу бір бөлек, оны шындыққа айналдыру мүлдем басқа. Кейбір сәттер ойдағыдай болмады. Бұл чемпионатқа бір апта дайындалдым. Соңғы үш күнде мүлдем ұйықтамадым. Ұйқысыз түндердің бекер өтпегеніне қуаныштымын", - дейді Арулат.

Оның айтуынша, мұндай жарыстарға қатысып, жеңіске жету оның өз бетімен жұмыс істеуіне, жетілуіне, алға ұмтылуына мүмкіндік береді.

"Әрқашан қасымда болып, кез келген идеямды қолдаған ата-анама рақмет", - деді Арулат.

Арулат Мұхаметқали - маникюр шеберлері арасындағы беделді халықаралық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Жасөспірім көпбалалы отбасында дүниеге келген, төрт бауыры бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети