11 желтоқсан 2022 | 16:34

Екібастұздықтардың төтенше жағдай кезіндегі электр энергиясына кеткен шығыны қалай өтеледі?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұз қаласының әкімі төтенше жағдай кезінде тұтынылған электр энергиясы шығындары қалай өтелетінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Екібастұз қаласының әкімі төтенше жағдай кезінде тұтынылған электр энергиясы шығындары қалай өтелетінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Екібастұз әкімі зардап шегуші ретінде қала тұрғындарына төтенше жағдай кезіндегі электр энергиясы шығындары өтелетінін мәлімеді. Аян Бейсекин ол үшін "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС акционерлерімен және "Горэлектросеть" ЖШС меншік иелерімен келіссөз жүргізілгенін жеткізді.

"Бұдан бұрын айтылғандай, жылу бойынша қатып қалған 70 шақты үй жылуға ақша төлеуден екі айға босатылады. Қала бойынша қалған тұтынушыларға тұтынылған электр энергиясы үшін төлемақы сомасы қайта есептеледі. Есептегіш құралдары болған жағдайда жеңілдірек, себебі барлығы тіркелген. Ал есептегіштер болмаса, қайта есептеледі, электрэнергиясын алмаған күндері үшін ақы төленбейді", - деді Аян Бейсекин.

Сондай-ақ ол "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС акционерлерімен төтенше жағдай кезіндегі шығындарды өтеу бойынша келісімге қолжеткізілгенін еске салды.

"Бұл жұмыстар жылу және қалалық электр желісімен бірге жүргізіледі. "Горэлектросеть" ЖШС-не қаражат аударылады. Осылайша абоненттердің есепшоттарына жіберу арқылы шығындар өтеледі. Ол үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Екібастұз тұрғындарына электр энергиясы шығындарын өтеу үшін өтініш жазудың қажеті жоқ", - деді ол.

Аян Бейсекин жалған ақпараттың салдарынан тұрғындар өтініштерді қабылдау пунктіне барғанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети