Елордалық "Нұрлы жол" вокзалының әкімшілігі "күзетшінің" екі жігітпен төбелескен видеосын жариялады. Ол фильм түсірілімі екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордалық "Нұрлы жол" вокзалының әкімшілігі "күзетшінің" екі жігітпен төбелескен видеосын жариялады. Ол фильм түсірілімі екен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде пайда болған бұл кадрларда белгісіз екі жігіттің күзетшімен болған "қақтығысы" түсірілген. Ең алдымен ер адамдар регбиге арналған допты бір-біріне лақтыра бастайды, кейін қақтығыс басталады. Қойылым бойынша, бір кезде күзетші қатты "соққысымен" бірінші ер адамды, артынша екіншісін құлатады.
Вокзал әкімшілігінде бұл видео Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша қысқаметраж фильмнің үзіндісі екенін айтты. Олар Positive кинофестиваліне қатысайын деп жатыр екен. Туындының режиссері Сафуан Шәймерденов, фильмнің бір бөлігі "Нұрлы жол" вокзалында болып жатыр.