Екі облыста қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің басшылары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі облыста қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің басшылары тағайындалды © Тұрар Қазанғапов

Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Шымкент қаласы ҚР ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов ОҚО бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың бұйрығымен өңірлік ҚАЖ департементінің бастығы болып бұған дейін аталған департамент бастығының орынбасары қызметін атқарған әділет полковнигі Атэльбек Досмағамбетов тағайындалды. Б.Бисенқұлов жаңа басшыға алда қойылған міндеттерді атқаруда аянбай жемісті еңбек етуді тіледі", - деп атап өтті ҚАЖ комитетінің өкілдері.

Ішкі істер министрінің осы бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы болып бұған дейін осы департаменттің бастығының орынбасары лауазымында болған әділет полковнигі Дмитрий Кобцев тағайындалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети