Екінші республиканың негізін қалаймыз - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екінші республиканың негізін қалаймыз - Тоқаев Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда өтетін референдум туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда өтетін референдум туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оның басты мақсаты - елімізді одан әрі демократияландыру, халықтың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ үкіметтің тиімділігін арттыру. Бұл өзгерісті толық жүзеге асырсақ, ықпалды Парламенті бар президенттік республика үлгісіне біржола көшеміз. Конституциялық реформа адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін барынша күшейтеді. Сонымен бірге, еліміздегі саяси бәсекенің әділ және ашық болуын қамтамасыз етеді. Біз Ата Заңымыздың 30-дан астам бабына өзгеріс енгізгелі отырмыз. Оның бәрі азаматтарымыздың мүддесіне толық сай келеді. Осылайша, мемлекетімізді түбегейлі жаңғыртамыз. Сол арқылы екінші республиканың негізін қалаймыз", - деді Тоқаев халыққа үндеуінде. 

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев республикалық телеарналар арқылы үндеу жасайтыны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети