27 мамыр 2020 | 14:41

"Екінші толқынға дайын болуымыз керек" - Тоқаев COVID-19 туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустың екінші толқынына дайын болуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавирустың екінші толқынына дайын болуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен осыған дейін айтқанымдай, біз коронавирустың екінші толқынына дайын болуымыз керек. Жағдай ушығып жатыр, біздің елде де, басқа елдерде де қауіпті инфекция анықталып жатыр. (...) Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын күшейту керек", - деді Тоқаев  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Мұның алдында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтар қауіпсіздік шараларын сақтамаса карантин шаралары күшейтілетінін айтқан еді. Біртановтың айтуынша, осыған дейін екі ай бойы карантин күшейтілгендіктен жақсы нәтижеге қол жеткізілді.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9304-ке жетті, 4613 адам айығып, 37 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети