Экология министрі Ақтөбеге аттанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экология министрі Ақтөбеге аттанды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ақтөбеге жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ақтөбеге жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мағзұм Мырзағалиев өзен арнасын кеңейту бойынша гидрологиялық жұмыстардың дұрыс ойластырылмауына байланысты туындаған мәселені зерделеу үшін Ақтөбеге ұшады. 

Осыған дейін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевке тапсырма берді.

"Ақтөбеде өзен арнасын кеңейту бойынша гидрологиялық жұмыстардың дұрыс ойластырылмағанынан экологиялық қауіпті жағдай қалыптасып отыр. Мәселені шұғыл түрде шешу керек. Бұл жаңадан құрылған министрліктің басшысына алғашқы тапсырма", - деп жазды Президент Twitter желісіндегі парақшасында. 

Министрлікте экологтарды, кәсіби мамандарды тарта отырып, жағдайды объективті зерттеу жұмыстары басталды. Министрдің сапары нәтижелері және қажетті шаралар туралы қосымша хабарланатын болады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети