Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Астанадағы су тапшылығы мәселесін шешудің жолын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Астанадағы су тапшылығы мәселесін шешудің жолын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, қаланың ауызсу мәселесін шешу үшін әкімдікпен бірлескен 3 жоба қарастырып жатыр.
""Астана су қоймасын толықтыру үшін құрылыстар салу" жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленуде. Жоба Қ.Сәтбаев атындағы арнадан Есіл өзенінің арнасына дейін өткізу саласын тазартып, қалпына келтіріп, одан Астана су арнасы сорғы станциясына дейін тіреуіш қоршау мен су құбырын салып, арнаға су беруді қамтиды. Құрылыс 2023-2025 жылдары аяқталады деп болжануда. Бұл жоба су аз жылдары Қаныш Сәтбаев арнасынан Астана су қоймасына шамамен 62,3 миллион текше метр қосымша су беруге ықпал етеді", - деді Экология министрі.
Сонымен қатар, Астана қаласын сумен жабдықтаудың резервтік көзі ретінде 67 шақырым су құбырын салу арқылы Нұра жерасты сулары кен орнын пайдалану. Ол бойынша техникалық-экономикалық негіздемені түзету қажет.
Қ.Сәтбаев арнасынан Астана қаласының ҰФС-4-ке дейін су құбырын салу жоспарланып отыр. Бұл жоба елорданы одан әрі ұзақ мерзімді даму перспективасы мен халық санының ұлғаюын ескере отырып, қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Осылайша, елорданы сумен қамтамасыз етуге қажет шаралардың қысқа мерзімді кешені резервтік жерасты көзін жүргізуді, Қ.Сәтбаев арнасынан су құбырын салуды қамтиды. Сонымен қатар, биыл су мөлшерінің аздығы мен одан кейінгі су тапшылығын ескере отырып, Қ.Сәтбаев арнасынан Есіл өзені бойынша шамамен 60 млн текше метр, Нұра өзені бойынша шамамен 95 млн текше метр қосымша су беру туралы бірлескен шешім қабылданды. Оған қоса, Астана су қоймасының түбін шамамен 47 миллион текше метр көлемінде түптік шөгінділерден тазарту қажет", - деп толықтырды Сүлейменова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!