Балқаш деңгейі 2040 жылға дейін айтарлықтай таяздануы мүмкін. Мұндай болжамды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мамандары айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Балқаш деңгейі 2040 жылға дейін айтарлықтай таяздануы мүмкін. Мұндай болжамды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мамандары айтып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство Қытайдағы су қабылдағыштарды ескере отырып, көл деңгейін модельдеу жүргізген. Нәтижелер Балқаш көлінің деңгейі 341 метр сыни белгіден төмен түсетінін көрсеткен.
"Балқаш көлінің таяздануынан жағымсыз салдарлар себеп болуы мүмкін: сулы-батпақты алқаптардың құрғауы және жойылуы; жабайы жануарлардың қоныс аудару жолдарының жойылуы, әсіресе су маңындағы жануарлардың (үйректер мен қаздар) қоныс аударуының өзгеруі, бұл олардың тарихи көші-қон бағыттарын өзгертеді; климаттың өзгеруі; аймақтың флорасы мен фаунасының жоғалуы; бүкіл көл жүйесінің жойылуы; Балқаш көлінің батыс тұщы бөлігінің тұздануы жаңа жерлерде өмір сүретін балықтардың көптеген түрінің жойылуына әкелуі мүмкін", - деп ескертті Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мамандары.
Мұның бәрі жануарлардың жойылу қаупіне айналуы мүмкін. Мәселен, Балқаш өңірінде құстардың 120 түрі мекендейді, оның 12 түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Мұнда жолбарысты реинтродукциялау да жоспарланған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету мәселесі ушығуы мүмкін.
"Мәселеге байланысты басқарма Балқаш көлін сақтау жоспарын бекітті. Суармалы сумен қамтамасыз ету үшін "Қазводхоз" мамандары үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Шеңгелді массивін ауызсумен және суармалы сумен қамтамасыз ету үшін қосымша су құбыры тартылды, ұзындығы 1,5 шақырым канал-құбыр салынды. Сондай-ақ, Іле атырауындағы суды тұтыну көлемін жылына 1 километр текшеге дейін азайту үшін Іленің төменгі ағысында су электр станциясынан шамамен 25 шақырым қашықта "Кербұлақ" құрылысы салынады. Сыйымдылығы 100 миллион текше метрден аспайтын қарсы реттеуші су қоймасы негізінен, өзен арнасында орналасады. Кербұлақ қарсы реттегіші салынғаннан кейін өзен сағасын абаттандыру бойынша суару және дренаж жұмыстарын жүргізу мүмкін болады. Бұл оны арналық фазада ұстап тұруға және оның су тұтыну көлемін жылына 1 текше шақырымға дейін азайтуға мүмкіндік береді", - деді министрлік мамандары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!