22 қыркүйек 2021 | 11:13

Экология министрлігі Жайық өзені күрт таяздануын түсіндірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жайық өзені таяздығы және Атырау маңында аралдар пайда болуының негізгі себептерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жайық өзені таяздығы және Атырау маңында аралдар пайда болуының негізгі себептерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экология министрлігі бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Атыраудан 25 шақырым жерде орналасқан өзен таяздығы туралы ақпаратты тексеріп, нәтижелерін хабарлады.

Тексеруді Су ресурстары комитетінің Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы өкілдері Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп жүргізді. Бұл жер желді және желден пайда болатын су толқыны аймағында орналасқандығы анықталды. 19 және 20 қыркүйекте солтүстік-батыстан соққан жел Каспий теңізі деңгейіне әсер етті, сондықтан Жайық таязданып, аралдар пайда болды. Қазір бұл аймақта оңтүстік-батыстан жел соғады, сондықтан судың кері толқыны болып, аралдар суға толады.

Мамандар соңғы жылдары өзен бассейнінде су азайғанын атап өтті. "Январцево" өлшеу станциясы шекаралық учаскесінде байқалған ағын 3,5 - 5,5 текше шақырымды құрады, орташа жылдық ағыс 8,14 текше шақырымға жеткен. Жайық өзені ағынының 80 пайызға жуығы Ресей Федерациясы аумағына тиесілі.

Ресейдегі Ириклинское су қоймасы көлемі де 2020 жыл осы уақыттағы 2808 миллион текше километрден биыл 2681 миллион текше километрге дейін төмендеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети