Экология министрлігі Жайық өзені неге тартылғанын айтты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экология министрлігі Жайық өзені неге тартылғанын айтты

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің трансшекаралық өзен департаменті Жайық өзенінің таяздану себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің трансшекаралық өзен департаменті Жайық өзенінің таяздану себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Kozachkov offside Telegram арнасында Жайық өзенінің таяз бөлігін жариялады. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының тұрғындары да биыл өзендегі су деңгейінің күрт төмендеуіне шағымданды.

Экология министрлігінің трансшекаралық өзен департаменті 70-жылдардан бастап Жайық өзенінде (Жайық) су ағынының көлемі азайып келе жатқанын хабарлады. Бұл өзен бассейніндегі судың аз кезең циклінің басталуына байланысты. Су азаюы кезеңінің көбеюіне, бассейндегі ағынды реттеуге және өзеннің гидрографиялық желісінің нашарлауына жер жырту және ағаш кесу жұмыстары әсер етеді.

"Жайық өзені бассейніндегі су жағдайын жақсартуда шаралар қабылдау үшін Ресей тарапымен Жайық өзенінің гидрологиялық режиміне бірлескен зерттеулер жүргізу туралы келісімге қол қойылды. Осы мақсатта 2020 жылы қазанда ірі өзендер бассейндерінде (Жайық, Ертіс және басқалары) зерттеулер жүргізу бойынша ынтымақтастықты жандандырудың бірыңғай жол картасы және іс-шараларды іске асырудың жұмыс кестесі бекітілді", - деп хабарлады департаменттен.

Қазір сарапшылар осы жол картасын жүзеге асыруға кірісті. Экология министрлігі гидрологиялық режимді және өзеннің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған бірлескен шаралар қабылданады деп уәде береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети