20 қараша 2019 09:34

Экология министрлігінің департамент басшысы ӨКМ Операторына басшылық етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ӨКМ Операторы" ЖШС бас директоры қызметіне ҚР экология Министрлігінің қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаменті басшысының міндетін атқарған Медет Құмарғалиев тағайындалды. Аталған шешім профильдік министрлікпен келісілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"ӨКМ Операторы" ЖШС бас директоры қызметіне ҚР экология Министрлігінің қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаменті басшысының міндетін атқарған Медет Құмарғалиев тағайындалды. Аталған шешім профильдік министрлікпен келісілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Медет Құмарғалиев Қазақстанда өндірушілер және импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері қағидасы енгізілгеннен бастап "ӨКМ Операторы" ЖШС басшысы болған Светлана Коротенконың орынын алмастырып отыр. Коротенко басшылығымен ӨКМ таралатын тауар қалдықтарын жинау, қайта өңдеу шығындарына өтемақы тетігін енгізу, қалдықты басқару жүйесі қолға алынды. Авторециклинг саласы жаңадан құрылды. "ӨКМ Операторы" ЖШС даму Стратегиясы жасалып, оның ішінде қалдықтарды тиімді басқару бекітілді.

"ӨКМ Операторы" ЖШС басшылығына жаңа тағайындалған Медет Құмарғалиев - Шығыс Қазақстандағы екі университетті "Қоршаған ортаны инженерлік қорғау" және "Юриспруденция" мамандығы бойынша тәмәмдаған. Медет Құмарғалиев алғашқы еңбек жолын гидрометаллургия саласында аппаратшы қызметінде бастаған. 2007-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасының экологиялық сараптау бөлімінде маман, одан кейін экологиялық реттеу бөлімінің жетекшісі. Құмарғалиев 2009 жылы "Қоршаған ортаны қорғау саласында Бірыңғай рұқсат беретін жүйе базасын" және "Әмбебап рұқсат беретін жүйе" бағдарлама модулін жасады. 2012 жылдың қыркүйегінде Құмарғалиев қоршаған ортаны қорғау Министрлігінде экологиялық сараптау және рұқсат құжат беруге жауапты басқармаға басшылық жасады.

Сондай-ақ, Медет Құмарғалиев  "Азаматтарға арналған Үкімет" Мемлекеттік корпорациясында және "Мемсараптау" РМК жұмыс тәжірибесі бар. 2019 жылы Медет Құмарғалиев экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінде қызмет еткен.

Жаңа қызметке келген Медет Құмарғалиев Қазақстанда қайта өңдеу саласын одан әрі дамытуда мемлекеттік органдар, әкімшілік пен МЕҰ өзара әрекетті нығайтумен айналысатын болады. Сонымен қатар "ӨКМ Операторы" ЖШС тауар қаптамаларына төлем ставкасын енгізу және қалдықтарды жинау, қайта өңдеу  көлемін арттыру бойынша жұмыстарды атқарады.

Светлана Коротенко" ӨКМ Операторы" ЖШС Қадағалаушы Кеңесіне ауысты. Ол жерде "ӨКМ Операторы" ЖШС даму Стратегиясы мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети