2018 жылы 14 шілдеде Ақмола облысындағы Нұра өзенінің екі жақ жағалауын қоқыстан тазартылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
2018 жылы 14 шілдеде Ақмола облысындағы Нұра өзенінің екі жақ жағалауын қоқыстан тазартылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"Орталық-Азия Электрэнергетикалық Корпорациясы" АҚ (ОАЭК) мен оның еншілес компаниялары - "Ақмола ЭҮК" АҚ, "АЭҮК-энергосбыт" ЖШС және "Астанаэнергосбыт" ЖШС Астана қаласының 20 жылдығы мен Корпорацияның 10 жылдығына орай "Экологиялық десант" өткізді.
Акцияға "ОАЭК" АҚ Компаниялар тобының 200-ден аса қызметкері, сонымен қатар әкім Малғаждар Тәткеев бастаған Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімшілігінің өкілдері қатысты.
"Қазақстанда қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Туған жер" жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл процесс қоғамдағы оң өзгерістерді және жаңғыруды өзіңнен бастау керектігін насихаттайды. Дәл сол себепті компания туған өлкені қолдап, Қазақстан астанасының 20 жылдығына орай әлеуметтік акция өткізіп отыр", - деді "Ақмола ЭҮК" АҚ Бас директоры Наиль Сайфуллин.
"Экологиялық десант" өткізу барысында Ақмола облысы Ақмол ауылынан 20 шақырым жердегі Нұра өзенінің жағалауларынан 20 тоннадан аса қатты-тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Таңдалған орын астаналықтар мен жергілікті тұрғындардың сүйікті демалыс орны болып табылады. Бірақ жыл сайын жазғы маусымда өзен жағалаулары пластик бөтелкелермен, целлофан пакеттермен, сынған бөтелкелермен және алау қалдықтарымен, яғни демалыс салдарынан қоқыстармен ластанады.
Сенбілік барысында "ОАЭК" АҚ компаниялар тобының қызметкерлері Нұра өзенінің екі жақ жағалауын қоқыстан тазартты, ескі алаулардан қалған шұңқырларды бітеді және "ТОҚТА! Қоқыс қалмағанына көз жеткіз!", "Жарамсыз қалдықтарыңды өзіңмен ала кет!" - деп жазылған қалқандар орнатылды.