27 қаңтар 2014 | 14:14

Экологиялық талапты бұзған кәсіпорындар 45 миллиард теңге айыппұл төледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

jazzyhat.com сайтынан алынған фото jazzyhat.com сайтынан алынған фото

Өткен 2013 жылы экологиялық талаптарды өрескел бұзған кәсіпорындар тарапынан мемлекеттік бюджетке 45 миллиард теңге түсті деп хабарлайды Tengrinews.kz Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың мәлімдемесіне сілтеме жасап. Министрдің сөзіне қарағанда, 2013 жылы 8 мыңнан астам экологиялық заң бұзушылықтар әшкере болған. Сонымен қатар, сотқа кейбірінің шаруашылық қызметін тоқтату туралы 656 іс жолданыпты. Айыппұлдардың жалпы көлемі жоғарыда айтқанымыздай, 45 миллиардты құрап отыр. Айта кетейік, экологиялық талапты орындауға жауапсыздық танытқан кәсіпорындардың шығынды өтеу үшін осынша қомақты қаржы айыппұл төлегендері туралы министр өткен жылғы жұмыстарына есеп беру мақсатымен өткізілген басқосуларында жария еткен-ді. Жиында көп мәслеле талқыланды. Ең маңызды тұсы – министр осы жылы мұндай келеңсіздіктерді болдырмауға тырысу керектігін баса айтты. "Бұған мемлекеттік-экологиялық бақылауды босаңсытпай, керісінше одан қалай да тиімді нәтиже шығару арқылы қол жеткізуге болады. Алайда шағын және орта бизнес нысандарына әкімшілік жеңілдіктер көрсетуді де ұмытпауымыз тиіс" деді ол мамандарға нақты-нақты тапсырмалар жүктей келе. Статистикалық деректерді алға тартсақ, министрліктің өткен жылы қоршаған орта эмиссиясына берген рұқсаты 14 мыңды құраса керек. Ал 2013 жылғы қорытынды бойынша, ауаға бөлінген зиянды заттар белгіленген нормадан аспапты. Министрдің сөзіне сенсек, "бұл - қатаң талап пен бақылаудың күшейтілуінің жемісі әрі табиғат қорғау заңдық нормаларының сақталуында. Сонымен қатар, отандық кәсіпорындарға экологиялық таза технологияның енгізіле бастауының жемісі".

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети