Экологтар ШҚО-да өзен неге "жасыл" түске боялғанын анықтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Экологтар Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма өзенінде су неге "жасыл" болып кеткенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Экологтар Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма өзенінде су неге "жасыл" болып кеткенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы Экология департаментінің мамандары мамырдың басында Алтай ауданының тұрғындарын үрейлендірген "жасыл" судың себебін тапты.

Бұған дейін Алтай ауданында, "Қазмырыш" ЖШС "Алтай" тау-кен байыту кешенінің тазарту құрылыстарына жақын маңда тұрғындар Березовка өзенінің суы жасыл түске боялғанын көрген болатын.

Олар су балықтар мен адамдарға қауіпті болуы мүмкін деген деп қорықты, өйткені өзен Бұқтырма су қоймасына құяды.

Сол кезде "Қазмырыш" ЖШС өкілдері кәсіпорында штаттан тыс жағдайлар болмағанын айтқан.

Алайда экологтардың тексеруі нәтижесінде заңбұзулар анықталды.

"Тексеру барысында ағынды су өсімдік биомассасымен немесе олардың қалдықтарымен толып қалуына байланысты жасыл түске боялғаны анықталды. Ол үшін "Қазмырыш" ЖШС-ға ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 325-бабына сәйкес 291 700 теңге айыппұл салынды", - деп хабарлады ШҚО экология департаменті өкілі.

Бұдан басқа, зертханалық талдаудың нәтижелері бойынша сарқынды суда эмиссия нормасы марганец бойынша - 140 есе, мырыш бойынша - 44,8 есе, тұз аммонийі бойынша - 2,3 есе, нитрит ионы бойынша - 5,1 есе, сульфаттар бойынша - 5,7 есе, мыс бойынша - бес есе артқаны анықталды.

"Экологиялық залал сомасы 8 миллион 214 мың теңге болды, аталған дерек бойынша тексеру материалдары процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Басқа да бұзушылықтар анықталды.

"Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысында көрсетілген су тарту жүйесінің технологиялық схемасын бұзғаны үшін "Қазмырыш" ЖШС-ға "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 332-бабы бойынша 510 475 теңге айыппұл салынды", - деп толықтырды ШҚО экология департаментіндегілер.

Айта кетейік, "Қазмырыш" ЖШС мамандары жазда тоғанды лай мен артық су өсімдіктерінен тазартады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro