10 сәуір 2020 | 17:29

"Экономикамыз үшін мүмкіндік". Мамин дағдарыс туралы пікірін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото primeminister.kz сайтынан Фото primeminister.kz сайтынан

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан Үкіметінің басшысы Қазақстанның COVID-19 таралуымен күресу, экономиканы тұрақтандыру, тұрғындар мен бизнесті қолдау бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді. Бұл ретте ұлттық экономикалар деңгейінде ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында да дағдарысқа қарсы шараларды одан әрі қабылдау қажеттігін атап өтті.  

Премьер-Министр АӨК өнімдері мен бірінші қажеттіліктегі тауарлар импортын алмастыру және азық-түлікпен өзін-өзі толық қамтамасыз ету арқылы ЕАЭО-ның өзін-өзі қамтуын күшейтуі қажеттігін атап өтті.    

Үкімет басшысы ЕАЭО-ға қатысушы елдердің экономикаларының қазіргі және әлеуетті бәсекелі артықшылықтарының негізінде өндірістік процестерді өңірлендірудің, Оңтүстік-Шығыс Азия, Қытай және басқа аймақтардан көшірілетін өндірістік активтерді тарту бойынша бірлескен тәсілдерді әзірлеудің, жаңа өткізу нарықтарымен байланысты қалыптастырудың, цифрлық технологиялар мен жасанды зердені қарқынды түрде дамыту үшін қолайлы жағдайларды белсенді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.  

"ЕАЭО ұзақ мерзімді тұрақтылығы сауда үрдістерінің тұрақтылығына тікелей байланысты. Осыған байланысты бізге одақ аясында жасалатын тауарлар мен қызметтердің басымдығын ескерумен аймақтық сауда-саттықтағы тәсілдерді бірлесіп қайта қарастыру қажет", - деді Мамин.

Премьер-Министр өзара саудадағы кедергілерді жүйелеу және одан әрі жою бойынша бірлескен жұмысты күшейту қажет екенін атап өтті.

"Қазіргі экономикалық дағдарыс біздің экономикаларымыз үшін сын-тегеурін ғана емес, мүмкіндік те болып отыр. ЕАЭО аясындағы бірлескен жұмыс дағдарыс салдарын жұмсартуға ғана емес, ЕАЭО аясында құрылатын бағаның ұзақмерзімді өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін дамытудың іргелі факторларын қалыптастыру үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді", - деді премьер-министр.

Сонымен қатар, отырысқа Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Михаил Мишустин, Беларусь Премьер-Министрі Сергей Румас, Молдова Премьер-Министрі Ион Кику, Қырғызстан Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиев, Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты. 

Отырысқа қатысушылар Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары жобасын дайындау бойынша жұмыс барысын, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдану тетіктерін жетілдіру, электрондық сауданы дамыту, ұлттық ақпараттық жүйелерді жедел интеграциялау және басқа да мәселелерді қарады.

Тараптар ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағындағы тез бұзылатын өнімдер экспортын рәсімдеуді тауардың шығуының сериялық сертификаты жүйесін енгізу арқылы жеңілдету туралы келісімге келді. Бұл шара ЕАЭО елдерінде тауарлардың шыққан жерін растайтын құжаттарды алуға жұмсалатын уақыт және материалдық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. "Сериялық" өнімнің шыққан жері туралы сертификат біртекті, сериямен шығарылатын өнімдерге 6 ай мерзімге бір рет беріле алады. 

ЕҮАК отырысының қорытындысы бойынша COVID-19 пандемиясы жағдайында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі ЕАЭО шараларын қоса алғанда, бірқатар шешімдер, тапсырмалар және өкімдер қабылданды.

Құжат тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылығы саласында өкілетті органдардың өзара іс-қимылын күшейтуді, кедендік тасымалдау баждарының мөлшерлемелерін уақытша есептемеу және кедендік рәсімдерді оңайлату жолымен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың импорты үшін «жасыл дәліз» құруды, үшінші елдерге аса маңызды тауарлардың экспортына бірыңғай уақытша шектеулер енгізуді, сауданы және қолма-қол ақшасыз төлемдерді цифрландыруды ынталандыруды, вирусқа қарсы препараттар мен вакциналар жасау, олардың жаппай өндірісін жолға қою жөніндегі бірлескен іс-шараларды және басқа да шараларды қарастырады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети