27 қаңтар 2017 | 15:54

Экономист елімізде қолма-қол ақшадан толықтай бас тартуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Tim Wimborne © REUTERS/Tim Wimborne

Қазақстанда қолма-қол ақша айналымына кететін шығындар жалпы ішкі өнімнің шамамен 1 пайызын құрап отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Astana Best Consulting Group экономисі Арман Байғанов айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда қолма-қол ақша айналымына кететін шығындар жалпы ішкі өнімнің шамамен 1 пайызын құрап отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Astana Best Consulting Group экономисі Арман Байғанов айтты.

Оның айтуынша, бұл сан қолма-қол ақша айналымын тоқтату қажеттігін білдіреді. Экономист бұл ұсынысын халықаралық тәжірибемен байланыстырып отыр. Мысалы, бүгінде Швецияда жүріп жатқан операциялардың шамамен 97 пайызы қолма-қол ақшасыз өтеді. Сондықтан экономист Қазақстанда қолма-қол ақша айналымын алып тастауды ұсынады. Оның айтуынша, қолма-қол ақша қолданылмаса, бюджет шығыны қысқарып, салық толықтай жиналып, жалған кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны азайып, жемқорлықпен күресуге болады.

"Шенеуніктерді қолма-қол пара алып жатқан жерінен ұстап жатады және олардың ешқайсысы да қолма-қол ақшасыз пара алуға келіспейді. Сондай-ақ, Қазақстанда салық төлемеу мәселесі бар. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардан бастап жалған кәсіпкерлерге дейін салық төлемейді. Елдегі жемқорлық пен көлеңкелі экономика - биліктегілер үшін басты проблема. Мұның барлығын елде қолма-қол ақша айналымынан бас тарту арқылы алдын алуға болады", - деді Astana Best Consulting Group экономисі.

Осылайша, Арман Байғанов банк картасын ұстаушыларға қызмет көрсету жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз есептесу жүйесіне көшуді ұсынады. Оның айтуынша, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өзімізге ұлттық төлем жүйесін құру керек.

"Қолма-қол ақша айналымынан бас тартсақ, дамыған 30 елдің қатарына мерзімінен бұрын енуіміз әбден мүмкін", - деп қорытындылады сөзін экономист.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети