Тәуелсіздік күні қарсаңында"AMANAT" партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған "Алтын домбыра" республикалық ақындар айтысы басталды. "Төрлет, еңбек адамы" тақырыбындағы дәстүрлі дода биыл еңбек адамын ұлықтауға арналды.
Тәуелсіздік күні қарсаңында"AMANAT" партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған "Алтын домбыра" республикалық ақындар айтысы басталды. "Төрлет, еңбек адамы" тақырыбындағы дәстүрлі дода биыл еңбек адамын ұлықтауға арналды.
Мәжіліс Спикері, "AMANAT" партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Президенттің төл мәдениетімізге қамқорлық танытып, ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
"Мемлекет басшысы айтысты, ұлттық құндылықтарымызды, ұлттық спортымызды барынша қолдап келеді. Өткенде ғана Дүниежүзілік көшпенділер ойыны жоғары деңгейде өтті. Бұдан бөлек, биылдың өзінде руханиятқа еңбегі сіңген біраз ұлы қайраткерлеріміздің мерейтойларын атап өттік. Солардың бәріне Президентіміз ұдайы қолдау көрсетіп келеді.Мемлекет басшысы әлемдік саясатта, жаһандық деңгейде ұлтымыздың рухын асқақтатып, мемлекетіміздің мүддесін, халқымыздың намысын қорғап жүр", – деді Е.Қошанов.
Мәжіліс Спикері қазіргі уақытта қоғамда Президенттің "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" қағидасы орныға бастағанына назар аударды. Бүгінгі аламан айтыстың да тақырыбы осыған арналып отыр.
"Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтары жылы" деп жариялады. Қай уақытта да ақындар ерлік пен еңбекті жырлаған. Шын мәнінде, мемлекеттің ырыс-құтын, елдің береке-бірлігін шашау шығармай ұстап тұрған қарапайым еңбек адамдары ғой. Олар туралы қанша мәрте жырласақ та көптік етпейді деп ойлаймын. Сондықтан, бүгінгі төріміз де, сөзіміз де еңбек адамдарына арналмақ", – деді Е.Қошанов.
Өз кезегінде, айтыс тізгінін ұстаған көрнекті ақын, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай дүбірлі доданың мәні мен маңызына тоқталып, қазылар алқасының құрамы мен ақындар қауымын таныстырды.
"Айтыс – бабадан қалған байрақты өнер. Ғасырлар қойнауынан жеткен қастерлі қазынамызды ұлықтау, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – баршамызға ортақ қастерлі парыз. Бүгін алдарыңызда бағы мен бабы келіскен шын жүйріктер сынға түседі. Төл өнеріміз төрге оза берсін", – деді ол.
Осылайша, екі күнге жоспарланған биылғы жыр додасында жыл көлемінде елімізде өткен республикалық және халықаралық айтыстарда үздік өнер көрсетіп, жүлделі орын еншілеген 14 ақын топқа түсті.
Суретті түсірген: Әли Ғалым
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!